KZ
Agroruqsat

Qoldau.kz бизнеске арналған платформада Agroruqsat жаңа онлайн сервисі – рұқсаттамалардың электрондық тізілімі іске қосылды. Сервис ТЖ жағдайында карантин және жүруге тыйым салу енгізілген ауылдардың, аудандардың және облыстардың шекаралары арқылы жеке тұлғалар мен көлік құралдарының жүріп-тұруы үшін мерзімсіз рұқсаттама алуға мүмкіндік береді. 

Рұқсаттама алу үшін Qoldau.kz порталда өтінім беру және уәкілетті органдардан мақұлдау алу қажет. Оны алу үшін фермерге әкімдіктерге немесе Құқық қорғау органдарына жүгінудің қажеті жоқ. Аграрийдің алқаптары мен оның атына тіркелген көлік құралдары туралы деректер мемлекеттік дерекқорлармен ("Мемлекеттік жер кадастры" ақпараттық жүйе, ҚР Ішкі істер министрлігінің "Автомобиль" мемлекеттік деректер қоры (МДҚ), ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Ауыл шаруашылығы техникасының мемлекеттік тізілімі" МДҚ) автоматты режимде салыстырылатын болады. Сондай-ақ, электронды рұқсатнаманы жеткізушілер – ауыл шаруашылығы техникасын, қосалқы бөлшектерді жеткізетін немесе механизаторлық және/немесе көлік қызметтерін көрсететін компаниялар ала алады. Бұл деректер сондай-ақ "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасымен және "Автомобиль" мемлекеттік деректер базасымен автоматты режимде салыстырылатын болады.

Жаңа сервистің сыбайлас жемқорлық тәуекелін барынша азайтуы да маңызды. AgroRuqsat электрондық рұқсатнамаларын алу тетігі блокпосттарда орнатылған "Сергек" жүйесімен интеграцияланған – бұл көліктің карантиндік аймақтардың шекараларын кесіп өту процесін жылдамдатуға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, әрбір облыс, тіпті әрбір аудан бүгінгі күні шекараларды/блокпосттарды кесіп өту мәселесін өз әдістерімен (ресми өтініштермен, тізімдерді берумен, жіберілімдермен, оның ішінде әлеуметтік месседжерлер арқылы) шешетіндіктен, заңсыз сыйақы үшін мұндай рұқсаттарды агроөнеркәсіптік кешеніне ешқандай қатысы жоқ адамдар ала алады деген қауіп бар. Осыған қарсы Agroruqsat сервисі ашық, сонымен қатар аграрий тарапынан қандай да бір төлемді талап етпейді.

Біздің серіктестер