KZ
«Smart Uralsk» мобильді қосымшасы

Бүгінгі таңда "Smart Uralsk" мобильді қосымшасы сәтті жұмыс істеуде. Осы қосымшаны пайдаланушыларға білім беру, денсаулық сақтау, көлік, туризм, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жер қатынастары және басқа да салалардағы қалалық қызметтер туралы маңызды ақпаратты алуда тегін онлайн-сервис мүмкіндігі ұсынылады. Сонымен қатар, бұл қосымша түрлі қаржылық операцияларды жүргізуге, iKomek 109-ға жүгінуге мүмкіндік береді, тәулік бойы қоңырау қабылдайтын 109 қалалық авариялық-коммуналдық қызметтер call-орталығы жұмыс істейді.

Соңғы оқиғаларға, атап айтқанда коронавирустық инфекцияға байланысты STOP Covid-19 бөлімі қосылды, онда коронавирус туралы барлық қажетті пайдалы және өзекті ақпарат орналастырылған: жедел телефон нөмірлері, алдын-алу әдістері, белгілері, статистика.

Қосымша Android және Apple Store жүйелері үшін үш тілде қол жетімді. 

Мобильді қосымшалар адамдарға күнделікті өзекті мәселелерді шешуге көмектеседі, өйткені басты көмекші сіздің қолыңызда.

Біздің серіктестер