KZ
Бастауыш мектептегі бағдарламалау негіздері

2017 жылы "Зерде" Ұлттық инфокоммуникация холдингі" АҚ балалар арасында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды насихаттау мақсатында бастауыш білім берудің 2-4 сыныптары үшін "Бағдарламалау негіздері" пәні бойынша оқу жоспарын әзірледі.

"Бағдарламалау негіздері" курсының негізгі мақсаты – баланы "Scratch" бағдарламалау тілінің платформасында логикалық ойлауға және әрбір тапсырманы егжей-тегжейлі талдауға үйрету.

Ойын форматында балалар бағдарламалауды нөлден үйренеді және оқу процесіне оңай қатысады. Олар логика, шығармашылық және т. б. сияқты қабілеттерді дамыта отырып, қарапайым анимациялар жасайды.

Әзірленген оқу бағдарламасы 2017-2018 оқу жылында № 27 мектеп-лицейде сынақтан өткізіліп, жалпы 373 баланы қамтыды.

Сонымен қатар, 2018-2019 оқу жылының басынан бастап оқу жоспары Ақтөбе облысының 87 мектебінде және Нұр-Сұлтан қаласының 57 мектебінде сәтті таратылды.

Біздің серіктестер