KZ
Qoldau.kz

Ауыл шаруашылығын цифрландыру саласында Қазақстан айтарлықтай көрсеткіштерге қол жеткізді және белсенді дамуын жалғастыруда. 

Осылайша, бизнеске арналған цифрлық платформа арқылы Qoldau.kz (www.qoldau.kz) 2016 жылдан бастап астық қолхаттарын ұстаушылардың электрондық тізілімі қалыптастырылды және оны жүргізу жүзеге асырылуда, ол мемлекетке Елде астық қозғалысының онлайн-режимінде (онлайн-элеваторлар мен астық қабылдау пункттері) тиімді мониторингін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Фермерлер жеке кабинеттен шықпай-ақ астық сатуға және несие беру кезінде оны кепілге салуға (онлайн-сауда) мүмкіндігі бар. Бұл ретте астық қолхаттары бойынша операциялар QazChain.kz блокчейн-платформада сақталады.

Цифрлық платформаның дамуы краудсорсинг принципін кеңінен қолданумен жүреді. Мысалы, фермерлер геоақпараттық сервисті пайдалана отырып, өздеріне тиесілі ауыл шаруашылығы алқаптарын (егістіктер, жайылымдар, шабындықтар және т.б.) өз бетінше сипаттайды. Бір жыл ішінде осылайша 25 млн.га егістік немесе оның қолда бар барлық егістік алаңының 100%-ы және 55 млн. га жайылым (80%-дан астам) "цифрланды".

Цифрлық платформада фермерлерді мемлекеттік қолдау (субсидиялау) шаралары бойынша бірқатар мемлекеттік қызметтер автоматтандырылды. 2018 жылдан бастап цифрлық платформа арқылы фермерлер үшін 140 млрд теңгеден астам ($363 миллионнан астам) субсидия төленді (онлайн-субсидиялау). 

Платформаны пайдаланушылар үшін (170 мыңнан астам) цифрлық платформада посткеңестік кеңістік елдерінде баламасы жоқ заманауи цифрлық сервистер, мысалы, егістіктерді ылғал тапшылығынан онлайн сақтандыру, фитосанитариялық мониторинг туралы ақпарат алу, ғарыштық спутниктерден күнделікті өзекті деректер бойынша түсімділікті болжау және т. б. қолжетімді.

Бизнеске арналған Qoldau.kz цифрлық платформа ұсынатын жаңа технологиялар оларды белсенді пайдалану ауылдық аумақтардың тұрақты дамуына және тұрақты қоғамдардың құрылуына айтарлықтай үлес қосады, бұл өмірдің барлық салаларына әсер етеді.

Біздің серіктестер